Шетелде Әлихан Бөкейханға бюст орнатылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мәскеудегі Халық жетістіктері көрмесіндегі қазақстандық павильонда қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай оның бюсті орнатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Елші бюстті орнатудың бастамашысы қазақстандық кәсіпкер Жанболат Надыровқа және барлық осы игі іске үлес қосқандарға алғысын білдірген. Ол бұл оқиғаны халықтарымыздың ортақ тарихына қосқан үлесіне құрмет деп атаған.
Қазақстандық павильонының басшысы Тамара Бабакова кәсіпкердің сөздерін қолдап, павильонға келушілердің көп екенін атап өткен.![]()
Іс-шараның қадірлі қонағы, Әлихан Бөкейханның немере інісі, профессор Нұрым Бөкейханов атақты туысының өмірі үзілмегенде, оның қазақ халқы үшін берері көп болғанын өкінішпен атап өткен.
Қаз
Рус






