Бір фильмге – $450 мың: ерекше кинофестиваль жеңімпаздары анықталды

2 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: KazinformҚазақстанда алғаш рет Astana AI Film Festival кинофестивалі өтті. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім түсіп, ол жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер арасындағы ең ірі халықаралық байқаулардың біріне айналды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Астанада фестиваль жеңімпаздары анықталды.

Гран-при мен 450 мың долларды (шамамен 201,5 млн теңге) Латвиядан келген Николай Шестак (Nikolay Shestak) «The First Honest Day» фильмі үшін жеңіп алды.

Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясында жеңімпаз атанды. Оның «It Was Just a Joke» комедиясында ит пен иесінің ағасы әзілге бола сөзге келіп қалады. Оқиға әрі қарай нағыз блокбастер желісіне ұласады. Автордың айтуынша, ол әзіл-қалжың мен көңілді оқиғаларды ұнататындықтан, осындай фильм түсірген.

Екінші орынды үндістандық «SITARA» фильмі иеленіп, авторларына 200 мың доллар (шамамен 44,8 млн теңге) берілді. Үшінші орын мен 100 мың доллар испаниялық «Looking For Perseida» фильміне бұйырды.

Мыңдаған өтінімнің ішінен финалға небәрі 25 жұмыс өтті. Оларды ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле мен инвестор Баладжи Сринивасанды қоса алғанда, халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 млн долларды (шамамен 895,5 млн теңге) құрады. Оның жартысы жүлдеге, қалған бөлігі болашағы зор AI-командаларды қолдауға және Қазақстанда кино өндірісін дамытуға бағытталды.

Жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер енді үлкен экраннан көрсетіліп, авторларына жүздеген мың доллар көлемінде жүлде беріліп жатыр. Астана алғаш рет осындай фестивальді қабылдап, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұмыстардың үздіктері анықталған алаңға айналды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.