"Менің атым – Қожа" фильміне 68 миллион теңгеге ескерткіш қойылады

346

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әйгілі кинокартинаға арналған тұғырлы ескерткіш елордада бой көтермекші. Ол алдағы жаз айының бірінде дайын болады деп күтілуде.

Қола мүсін елордадағы Жетісу саябағына орнатылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жаңалық журналист Мият Кәшібайдың Telegram арнасында жарияланды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, ескерткішке тапсырыс беруші — "Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы". Аталған мемлекеттік кәсіпорын 21 сәуір күні "EJ-ART" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "тікелей бір көзден сатып алу" тәсілі арқылы келісімшарт жасасыпты. Келісімшарт құны — 68 млн теңге.

Сатып алу сипаттамасына қарағанда, ескерткіштің жалпы биіктігі — 2 метр, 63 см. Оның ішінде, негізгі мүсін биіктігі — 1,83, ал астындағы тұғырдың биіктігі — 0,8м. Тұғыр гранит пен бетоннан жасалуы тиіс. Ал мүсіннің өзі қатты материалдан әзірленіп, сыртына қола құйылады.

Тапсырыс орындаушы мүсінді келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 70 күн ішінде жасап бітіруі тиіс екен.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.