Түркі әлемі Ахмед Джавадтың 130 жылдығын атап өтпекші

436

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әзірбайжан ақыны Ахмед Джавадтың 130 жыл мерейтойын  күллі түркі халқы  атап өтпекші, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оның жары Шукурия Сулейман қызы Қазақстанға жер аударылып, Ақмола лагерінде 8 жыл қамауда болған. Кеңестік репрессия жылдары қазақ зиялыларының жазықсыз жапа шеккен жарларымен қатар әзербайжан ұлтының 44 әйелі АЛЖИР лагерінде отырған. Халықаралық Түркі академиясы бауырлас елдердің көрнекі тұлғаларының рухына тағзым етіп, еске алу шарасын ұйымдастырды.

Дархан Қыдырәлі, халықаралық Түркі академиясының президенті:

– Тамырлас жұртты тұғырлы тұлғалардың біріктіретіндігі белгілі. Сондай ортақ тұлғалардың бірі – Ахмед Джавад. Ол – әзербайжан ұлттық гимнің авторы. Біздің Мағжан сынды ұлт-азаттық қозғалыстың символдарының біріне айналған. Біз бүгін  Ахмед Джавадқа және оның жұбайына кеңестік қызыл қырғын кезінде жапа шеккен жазықсыз қуғындалған боздақтарды еске алу үшін келдік. Президенттің қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына да бұл үлкен қолдау болады ғой деп ойлаймыз. Бізде қазақ елінің, алаштың арыстары ғана емес, көптеген ұлттардың өкілдері отырғаны белгілі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.