Түркі әлемі Ахмед Джавадтың 130 жылдығын атап өтпекші
431
Әзірбайжан ақыны Ахмед Джавадтың 130 жыл мерейтойын күллі түркі халқы атап өтпекші, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның жары Шукурия Сулейман қызы Қазақстанға жер аударылып, Ақмола лагерінде 8 жыл қамауда болған. Кеңестік репрессия жылдары қазақ зиялыларының жазықсыз жапа шеккен жарларымен қатар әзербайжан ұлтының 44 әйелі АЛЖИР лагерінде отырған. Халықаралық Түркі академиясы бауырлас елдердің көрнекі тұлғаларының рухына тағзым етіп, еске алу шарасын ұйымдастырды.
Дархан Қыдырәлі, халықаралық Түркі академиясының президенті:
– Тамырлас жұртты тұғырлы тұлғалардың біріктіретіндігі белгілі. Сондай ортақ тұлғалардың бірі – Ахмед Джавад. Ол – әзербайжан ұлттық гимнің авторы. Біздің Мағжан сынды ұлт-азаттық қозғалыстың символдарының біріне айналған. Біз бүгін Ахмед Джавадқа және оның жұбайына кеңестік қызыл қырғын кезінде жапа шеккен жазықсыз қуғындалған боздақтарды еске алу үшін келдік. Президенттің қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысына да бұл үлкен қолдау болады ғой деп ойлаймыз. Бізде қазақ елінің, алаштың арыстары ғана емес, көптеген ұлттардың өкілдері отырғаны белгілі.