Жас қылқалам шеберлерінің облыстық байқауы өз мәресіне жетті

500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бір ай уақыт бұрын "Анаға тағзым" орталығы жариялаған "Ай мен Айша" жас қылқалам шеберлерінің байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әдебиет пен көркем өнерді ұштастыра білген жарысқа 150-ге жуық жас суретші қатысып, үздік картина иелері марапатталды.

Орталықтың ауласына керегелер керіліп, барлық жұмыс сонда ілінді. Келушілердің емін-еркін тамашалауына жағдай жасалды. Қала күні аясында, балалар жылының саясында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың марапаттау рәсімі ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Жарыстың ережесіне сәйкес, қатысушылар Шерағаңның ардақты анасына сөзбен қойған ескерткіші - "Ай мен Айша" романын оқып, әйел-ана образын қылқаламмен бейнелеуге тиіс еді. Олар тек сурет салып қана қоймай, көркем сөздің қайнарынан қанып ішіп, Айша апаның тағдырын таныды. 20-ғасырда қазақ халқының басынан кешкен зұлмат жылдарын көз алдынан өткізді. Қиындыққа қайыспайтын қазақ анасының қайсарлығын, төзімділігін үлгі етті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.