Елімізде көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді

358

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға несие беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мәлімдеді.

2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді.

Өтінімді қабылдау басталған 9 күнде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 мың 211 өтінім түсті. Тағы 668 фермер құжат жинап жатыр. Қаржыландырудың көп бөлігі – 5,8 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы берілді. Микроқаржы ұйымдары арқылы фермерлер 800 млн теңге рәсімдеді, - деп жазылған хабарламада.

Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыруды тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырып жатыр.

Агроөнеркәсіп субъектілері үшін сыйақысының жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.

Қаржы жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуға тиіс.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.