Қазақстанда шілде айынан бастап ішімдік қымбаттамақ

1 295

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Елімізде 1 шілдеден бастап ішімдік бағасы қымбаттамақ, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.


Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.

– коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;

– коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.