Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт іске қосылды

492

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тұңғыш Президент күнінде Алматы облысында құрғақ түйе сүтін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Нысан Іле ауданының Ақши ауылында ашылды. Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қоюмшан Омаров қатысты.

Тауарлы-сүт фермасы түйе сүтін қазіргі заман талабына сай өңдеп, Қазақстан аумағында ғана емес, өзге мемлекеттерге экспортқа шығаруда. Жаңа зауыттың жоба құны - 1 млрд теңге. Ауылда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт айына 30 тонна ұнтақ сүт дайындауға қауқарлы», делінген Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сондай-ақ зауыт өзінің толық циклды қамтуымен ерекшеленеді. Яғни түйе сүті бір жерде сауылып, өңделіп нарыққа және экспортқа шығарылады.

Бүгінде фермада 5 мыңнан астам қос өркешті түйе және аруана (бір өркешті) бар, келешекте оның санын 15 мыңға жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, аталған зауытта күніне орташа есеппен 5-7 мың литр шұбат әзірленеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.