Биыл 3 трлн теңгеге 234 инвестициялық жоба іске асырылады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Биыл 3 трлн теңге сомаға 234 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда инвестициялар тарту бойынша бірқатар тиімді құрал қолданылады. Ірі инвесторларды тарту үшін Басым қызмет түрлерінің тізбесінен тыйым салынған тізімді қалыптастыруға көшу жолымен Инвестициялар туралы келісім жасасу тетігі жетілдірілді.
Бүгінгі таңда осындай 6 Келісім жасалды. Тауар өндіруші кәсіпорындарға салық заңнамасының 10 жыл тұрақты болуына кепілдік берілетін инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі беріледі. Инвестициялар бойынша салық заңнамасының тұрақтылығы кәсіпорындарға инвестициялардың қайтарымдылығын болжауды қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді кезеңге қаржылық ағындарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бүгінде 6 инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалды. Геологиялық барлауға инвестициялар тарту және Қазақстанның мұнай-газ саласының минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында 2023 жылдан бастап Жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.
Қаз
Рус






