Ресейдің Қазақстаннан бензин қорын сұрағаны рас па?

2 552

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PixabayҚР Энергетика министрлігі Ресейдің Қазақстаннан бензин қорын сұрағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін бірнеше ақпараттық сайт, оның ішінде әлемдік Reuters агенттігі Ресейдің Қазақстаннан 100 мың тонна көлемінде апаттық бензин қорын құруды, қажет болған жағдайда оны жедел жеткізуді сұрағанын хабарлаған еді. 


Мұндай өтініш Ресей мұнай өңдеу зауыттарында жоспардан тыс көптеген жөндеу жұмыстарына байланысты жасалған дейді олар.  


«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінен бізге мұндай сұраныс түскен жоқ. Сондықтан ақпарат расталмайды», - деп жауап берді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов. 


Айта кетейік, елімізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар.


Наурыз айында зауыттарда бензин мен дизельдің 1,2 млн тонна қоры жинақталған. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.