Ресейдің Қазақстаннан бензин қорын сұрағаны рас па?
ҚР Энергетика министрлігі Ресейдің Қазақстаннан бензин қорын сұрағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бірнеше ақпараттық сайт, оның ішінде әлемдік Reuters агенттігі Ресейдің Қазақстаннан 100 мың тонна көлемінде апаттық бензин қорын құруды, қажет болған жағдайда оны жедел жеткізуді сұрағанын хабарлаған еді.
Мұндай өтініш Ресей мұнай өңдеу зауыттарында жоспардан тыс көптеген жөндеу жұмыстарына байланысты жасалған дейді олар.
Айта кетейік, елімізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар.
Наурыз айында зауыттарда бензин мен дизельдің 1,2 млн тонна қоры жинақталған.