Қазақстандықтар Қытайдан 27 мың көлік сатып алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Биыл шетелден әкелінген көліктер саны 10 мыңға көбейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтырғы жылдың алғашқы 5 айында елге 48 мың көлік кірсе, биыл осы уақыт аралығында 58 мыңнан астам темір тұлпар жеткізілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша импортталған көліктің жартысына жуығы Қытай өндірісіне тиесілі. Қазақстандықтар шығыстағы көршімізден 27 мың көлік сатып алды. Импорттың 20%-ін иеленген АҚШ екінші сатыда. Одан кейінгі орындарда Жапония мен Оңтүстік Корея тұр. Әкелінген автокөліктің 15%-і жапондардың, 9%-і корейлердің еншісінде. Ал Ресей 5%-тік үлеспен бестікті түйіндейді.
Қаз
Рус






