Қазақстандықтар Қытайдан 27 мың көлік сатып алды

2 226

Фото: foxbusiness.comБиыл шетелден әкелінген көліктер саны 10 мыңға көбейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Былтырғы жылдың алғашқы 5 айында елге 48 мың көлік кірсе, биыл осы уақыт аралығында 58 мыңнан астам темір тұлпар жеткізілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша импортталған көліктің жартысына жуығы Қытай өндірісіне тиесілі. Қазақстандықтар шығыстағы көршімізден 27 мың көлік сатып алды. Импорттың 20%-ін иеленген АҚШ екінші сатыда. Одан кейінгі орындарда Жапония мен Оңтүстік Корея тұр. Әкелінген автокөліктің 15%-і жапондардың, 9%-і корейлердің еншісінде. Ал Ресей 5%-тік үлеспен бестікті түйіндейді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.