2030 жылға қарай 10 млрд текше метр су үнемделеді

2 960

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Су ресурстары және ирригация министріЕлде 42 жаңа су қоймасы салынып, қолданыстағы 37-сі қайта жаңғыртылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

14,5 мың шақырым ирригациялық канал реконструкциядан өтеді. Су саласында осы және өзге де жоспарланған ауқымды жобалардың нәтижесінде 2030 жылға қарай 10 млрд текше метрге дейін суды жинақтап, үнемдеуге мүмкіндік туады. Бұл жайында құзырлы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Мәжілісте Су кодексі жобасын таныстыру барысында баяндады. Жаңа кодекс шеңберінде жерасты су ресурстарын басқару функциясын министірлікке беру көзделген. Сондай-ақ шағын өзен-көлдерді қорғау мақсатында түпсіз бөгеттер құрылысына тыйым салу талабы қарастырылған. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі: - Жаңа кодексте басты назар су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғауға аударылып, содан кейін ғана экономикалық қажеттілікке маңыз берілген. Бұл жаңа Су кодексінің қолданыстағы кодекстен негізгі  ерекшеліктерінің бірі. Су көздері сарқылуының алдын алу үшін өзендік, көлдік және теңіздік экологиялық жүйені сақтауға арналған және табиғатта қалдыруға жататын «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Осыған орай су ағыны «экологиялық ағынға» және «әлеуетті-еркін ағын» болып бөлінді. Су ресурстарының басыңқы-еркін көлеміне су пайдаланудың перспективалық және жедел лимиттері белгіленді.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.