Қытай компаниясына 1 миллиард теңге айыппұл салынды

2 622

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: tengrinews.kz.ШҚО экология департаменті "Синьсин” құрылыс және даму компаниясын тексерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Тексеріс нәтижесінде компанияға 1 миллиард теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратурағасілтеме жасап хабарлайды. Прокуратура мәліметінше, тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама бұзылғаны анықталған – ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірген, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.