Қазақстанда ақбөкен етінің бағасы келісіне 1600 теңге деп белгіленді

2 302

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzАуыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етіне ұсынылатын бағаны жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, ұсынылатын баға – келісіне 1600 теңге.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ақбөкен етінің түпкілікті бағасы 10 күн ішінде анықталатынын хабарлаған еді.

"Жұмыс енді басталды, мұнымен экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндетіміз – ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Бүгінде мұндай 18 кәсіпорын тіркелді, ветеринария мамандары да бар. Әрі қарайғы процесс бағаға, логистикаға және сату форматына байланысты болады. Оны бір аптадан кейін не 10 күннен кейін жариялаймыз деп ойлаймын", – деген еді министр.

2025 жылы жүргізілген авиациялық есепке сәйкес, Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткен. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызын, яғни 460 мыңдайын ғана атуға болады.

Сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде киік етінің шұжықтары өндірісі іске қосылғаны хабарланған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.