Қазақстанда зейнетақы жарнасын төлемегендердің банк шоттарына шектеу енгізіледі

2 547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Zakon.kz/Максим ЗолотухинКелесі жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтардың банк шоттарына шектеу қойылмақ. Бұл шара 26 мың теңгеден астам қарызы бар жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілерге қатысты болады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарағанда, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын әр айдың 25-не дейін аударуы тиіс. Егер төлем кешіктірілсе, салық органы алдымен ескерту жасайды. 10 күн ішінде қарыз жабылмаса, банк картасына және ақша айналымына шектеу қойылады.

“Біреуге жұмыс істеп жүрген адам үшін шара жұмыс берушіге қолданылады. Ал жеке кәсіпкер болса, шара сол жеке тұлғаға қатысты қолданылады. Жеке тұлғаларға қарсы бұл талап қолданылмайды”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Қайсар Арын.

Экономистер жаңа тәртіп бизнеске, әсіресе жаңадан бастаған кәсіпкерлерге ауыр соққы болуы мүмкін екенін ескертеді. Есепшотты бір күнге бұғаттау да қомақты шығын әкелуі мүмкін, сондықтан қарызды өтеу мерзімін ұзарту немесе балама жолдарды қарастыру ұсынылады.

“Форс-мажор жағдайларын ескермей, шоттарды бұғаттасақ, экономикалық қиындық туындауы мүмкін. Сол үшін алдын ала ережелерді дұрыс анықтау маңызды”, – деді қаржыгер Бауыржан Ысқақов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.