Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем береді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сома берілмек.
Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отыр, ал Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.
Басылым мәліметінше, бұл төлемдерді алу үшін азаматтардың оқиғаға қатысқанын дәлелдейтін ресми құжаты болуы керек.
Қаз
Рус






