Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 0% ЖТС: Салықтан кімдер босатылады

2 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.com2026 жылдың алғашқы он күнінде 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде жұмысын бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінің енгізілді. Нәтижесінде аталған тұлғалар бұған дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істесе, енді өзін-өзі жұмыспен қамтып, артық әкімшілік рәсімдерсіз заңды түрде еңбек етіп жатыр. 

Жаңа салық режимі мына азаматтарға арналған:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;
  • Жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындар;
  • Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;
  • Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы — 1,3 миллиое теңге).

Режимнің негізгі артықшылықтары:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;
  • Жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС – 0%);
  • Әлеуметтік төлемдер бар болғаны табыстың 4%-ына тең
  • (МЗЖ – 1%, МЗЖЖ – 1%, әлеуметтік аударымдар – 1%, МӘМС – 1%);
  • Салық есебін тапсырудан босатылады;
  • Барлық чектер шығарылып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;
  • Интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда, чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы тарапынан автоматты түрде құралып, ұсталады және аударылады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.