Елдегі өңдеу өнеркәсібінде қаншалықты өсім болған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қолайлы инвестициялық жағдайлар электротехникалық машина құрастыруды дамытуға ықпал еткен. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім еткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар ол шикізатты ішкі нарықта өңдеу механизмі заң жүзінде бекітіліп, отандық тауар өндірушілер мен шикізат жеткізушілердің кооперациясы бастау алғанын еске салған. Осындай кооперциялардың айқын мысалы ретінде «Қайнар» аккумулятор зауытын келтіруге болады.
Оның сөзіне қарағанда, қолайлы инвестициялық жағдайлар электротехникалық машина құрастыруды дамытуға ықпал етті. Мысалы, «Silk Road Electronics» және «Almaty turmystyq tehnika» зауыттарында өндіріс көлемі өскен. Былтыр «Silk Road Electronics» зауытында «Samsung» техникасы өндірісі іске қосылған.
Қаз
Рус






