6 тонна жаңа піскен қияр Қазақстаннан Ресейге кері қайтарылған

2 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: pixabay.comФитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Қазақстаннан Ресейге кері қайтарылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, 6 тонна жаңа піскен қиярды Ресейге кері қайтаруға, карантиндік өнімнің фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілмеуі негіз болған.

Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады.

"Осы ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өсімдіктер карантині саласында заңнама талаптарын қатаң сақтап, белгіленген бақылау рәсімдерінен уақтылы өтуді қамтамасыз етуі қажет", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері мемлекеттік шекара арқылы карантиндік өнімдерді тасымалдау кезінде карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фитосанитариялық талаптардың сақталуын бақылау жұмысы жалғасатынын айтқан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.