Қолма-қол төлем тоқтатылады: Қазақстандық жүргізушілер үшін не өзгереді

2 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда көлік иелерін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін алу ережелері өзгереді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Енді жүргізушілер ақшаны тек банк шоты арқылы ала алады, ал қолма-қол төлемдер тоқтатылады. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл өзгерістер қаржы нарығын цифрландыру мәселелері жөніндегі заңдарда қарастырылған. Осы құжаттармен "Міндетті сақтандыру туралы" Заңның 25-бабына түзетулер енгізілген.

"Басты жаңашылдық – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алуды қолма-қол ақшасыз нысанға көшіру, яғни қаражатты бенефициарлардың банктік шоттарына аудару", – деп атап өтті агенттік.

Реформаның басты мақсаты – төлемдердің ашықтығын арттыру, жүргізушілердің құқықтарын қорғау және сақтандыру жағдайларын реттеу кезіндегі күмәнді схемаларды болдырмау. Қолма-қол ақшасыз формат өтемақының тікелей зардап шеккен тарапқа түсетініне кепілдік береді.

Сонымен қатар жүргізушілерге ақшаны аудару немесе есепке жатқызу үшін қосымша қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Банк комиссияларына қатысты барлық шығындарды сақтандыру компаниялары өз мойнына алуға міндеттелді. Нәтижесінде жүргізушілер сақтандыру төлемдерін толық көлемде ала алады.

Өзгертулер 2026 жылдың 21 қазаннан бастап күшіне енеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.