Несие төлей алмай жүргендерге 60 күн қосымша уақыт берілуі мүмкін

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда мерзімі өткен несие берешегін ұжымдық реттеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Құжатқа сәйкес, кезекті төлемді уақытында өтей алмаған қарыз алушыға берешегін жабу үшін қосымша 60 күн беріледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мүмкіндік екі немесе одан да көп кредиторға қарызы бар және кепілсіз тұтынушылық несие алған азаматтарға қатысты болады. Егер борышкер кезекті төлемін уақытында өтей алмаса, ол қарызын келесі төлемге дейін өтеуіне болады.

Егер осы мерзімде де төлей алмаса, мерзімі өткен берешегін толық жабу үшін тағы 60 күн беріледі.

Жаңа тәртіп бойынша қарызды өндіріп алу құқығын басқа компанияға берген қаржы ұйымдары да кредитор ретінде есепке алынады. Қарыз алушының өтінішін банк немесе микроқаржы омбудсманы тексереді. Азамат талаптарға сай келсе, оның барлық қарызын бір рәсім аясында реттеу мүмкіндігі қаралады.

Сонымен қатар кредиторлардың өтінішке жауап беру мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Қарыз алушы төлеген ақша кредиторлар арасында берешек көлеміне қарай бөлінеді.

Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.