"6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар" – А.Мамин

373

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021 жылғы егін жинау жұмыстарының жағдайы қарастырылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн гектар болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 322 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,1 млн га (оның ішінде бидай – 12,9 млн га), майлы дақылдар – 3,1 млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 473,8 мың га, мақта – 109,7 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, жем-шөп дақылдары – 3,2 млн га жерге егілді.

 ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дәнді дақылдарды жинау үрдісі ауа райының қолайсыздығымен және соның салдарынан бидай өнімділігінің төмендеуімен күрделене түскен.

 «Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар», – деді А.Мамин.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.