Қазақстанда электр энергиясын тұтыну күрт артты
353
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Биығы жылдың үш тоқсанында Қазақстанда электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт/сағ-ты құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,7% көп- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап.Электр энергиясын тұтыну 7%, яғни 2,9 млрд кВт/сағ-қа (Оңтүстік аймақ бойынша 12% жуыққа) дейін артты.
Қазақстанның үш өңірінде - Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында электр энергиясы артығымен қалып жатса, қалған өңірлерде энергия тапшылығы байқалады. Олардың көбінде тұтыну өндірістен бірнеше есе асып түседі.
Жарықты тұтыну көлемінің ұлғаюы еліміздің барлық өңірінде тіркелген, ең көбі — Қызылорда (жылына 16,5%), Батыс Қазақстан (14,3%), Ақмола (14,2%), Түркістан (12,7%) және Алматы (11,4%) облыстарында.
2020 жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемінің өсімі тек 1,5%, 2019 жылы — 1,6% құраған болатын.
Ең жоғары жылдық өсім Батыс Қазақстан (28%), Түркістан (15%) және Ақмола (13%) облыстарында байқалды.
Читайте также

Доллар қайта арзандады
2 511
Қаз
Рус





