Министр импортқа тәуелді азық-түлік өнімдерін айтты

413

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев импортқа тәуелді азық-түлік тауарларын айтты,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуде. Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі шамамен 85 пайызды құрайды. Құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты тауарлар импортқа тәуелді», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2021 жылы өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 18,6% - ға (32 мың тоннадан 45,3 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері 9,5% - ға (58,7 мың тоннадан 68,4 мың тоннаға дейін), алма 7% - ға (259 мың тоннадан 282,1 мың тоннаға дейін), құс еті 27% - ға (235,3 мың тоннадан 282,1 мың тоннаға дейін), қант 28,9%-ға (140 мың тоннадан 335 мың тоннаға дейін), балық 10,1%-ға (61 мың тоннадан 71 мың тоннаға дейін) ұлғайды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.