Қазақстан күнбағыс, картоп пен сәбіз экспортына шектеу қойды

633

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл шара азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру үшін қолға алынған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында
АШМ тауарлар экспортын тарифтік емес реттеу шараларын қабылдаған. Олар:

2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер;

3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу;

Ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салу;

Жем-шөп шығаруға тыйым салынады.

«Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев үкіметтің бүгінгі отырысында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.