Семейде жылу электр орталығы қашан ашылады?

520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Семей қаласында жаңадан салынатын жылу электр орталығы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Семейде жылу электр орталығын салу бойынша Президент тапсырмасын алдық. Бүгінде «Самұрық-Энерго» компаниясымен бірлесіп жұмыс кірістік. Жылу электр орталығын салуда отын ретінде көмірді қолдану жоспарлануда. Сонымен қатар орталық когенерациялық режимде жұмыс істейді. Яғни электр энергиясымен қатар жылу жүктемесін қоса қамтиды. Жаңа жылу электр орталығы Семей қаласы және жалпы Абай облысы үшін өте қажет», - деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Семейде жаңа жылу электр орталығын салатын компания тендер арқылы анықталады.

Сондай-ақ, энергетика министрлігінің мәліметінше, аталған жобаны келесі жылдың тамыз-қыркүйек айында бастау жоспарланып отыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.