Қазақстанда 42 500 теңге қайта төлене ме

473

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: www.etoday.kzБүгінде Қазақстанның бірқатар облыстарында карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Осыған байланысты халық арасында 42 500 теңгені қайта төлеу мәселесі көтерілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы төлем қандай жағдайда берілетінін түсіндірді.

"Өткен жылы 42 500 теңге көлеміндегі төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен жасалған болатын. Ол ақша жұмыс істейтін, бірақ төтенше жағдай мен карантин шаралары енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға берілді", - дейді министрлік өкілдері.  

Ресми мәліметке бойынша, біржолғы төлемді 4,6 миллионнан астам адам алған. Қордан бөлінген қаржының жалпы сомасы 476,3 миллиард теңгені құрады. 

Ал осы жолғы шектеулер бизнеске қатысты және демалыс күндері күшейтіледі. Бүгінде кәсіпкерлерге салықтық және тағы басқа жеңілдіктер жасалып отыр.

"Осыған байланысты бүгінде 42 500 теңгені қайта төлеу мәселесі қаралып жатқан жоқ", - деп атап өтті мамандар. Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміздегі мониторинг топтарының жұмысын сынның астына алды.
 "Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді ол. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.