Теңге доллар мен рубльге қашан тәуелді болмайды - Министр жауабы

307

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге доллар мен рубльге тәуелді болуын қашан тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері министрден "Теңгенің доллар мен рубльге тәуелді болмайтын күні туа ма?" деп сұрады.

"Иә, – деді Жамаубаев. – Бұл төлем балансы тұрақталып, экспорттық операция мен ағымдағы шот импорттық операцияны жапқан кезде, яғни валюталық түсімдер, өндірістік сектор мен экспорттан түсетін пайда әжептәуір көбейген кезде болады".

Министр үкімет импортты алмастыру бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

"Біз импортты азайтып, ел ішінде көбірек өндірсек, өндірілген өнім есебінен экспорттық пайда табамыз. Сол кезде валюта ағыны елге келеді", – деп түсіндірді Жамаубаев.


Алайда министр қазір бұл процесс қанша пайызға орындалып жатқанын нақтыламады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.