Энергетика министрі АЭС салынуы мүмкін ауданды атады

432

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынуы мүмкін аймақты атады. Сөзінше, болашақта станция Балхаш ауданында салынуы ықтимал, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

АЭС


"Станция құрылысы бойынша өзіміз үшін параметрлерін нақтылап алдық, яғни қуаттылығы 2,4 ГВт шамасында болады. Қуаттылығы бойынша бәрі түсінікті болса, салынатын ауданды білеміз, таңдауға дайынбыз. Салынатын аудан Балқаш, Курчатов маңы болуы мүмкін. Бірақ Балқашта салыну ықтималдығы жоғары", – деді Ақшолақов. 


Министрдің сөзінше, бұл аудан АЭС құрылысы үшін КСРО кезінен бастап зерттелген. 

"Бұл күнге дейін біз үнемі қарап, бақыладық. Орналасатын аймақты айтуға болады, алайда технологияны және нақты орналасатын нүкте бойынша айта алмаймын. Технология мемлекетке байланысты", – деді министр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.