Электр энергетикасы саласындағы активтерді жаңарту керек - Жандос Нұрмағанбетов

557

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ФОТО. Орталық коммуникациялар қызметіҚазақстанның электр энергетикасы саласындағы ескірген активтерді жаңарту керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып саналады. Министрлік тұтынушыларды және ел экономикасын энергиямен сенімді жабдықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанның электр энергетикасы саласы қолданыстағы активтерді жаңартуды қажет ететінін атап өту қажет. Қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған», - деді Ж.Нұрмағанбетов.


Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларының қолда бар қуаты 19,1 ГВт, ал 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде электр қуаты 15,4 ГВт құрады.
Таратылған мәліметке қарағанда, 2022 жылдың 7 айында электр энергиясын өндіру 64,993 млрд кВтсағ болса, аталған кезеңде электр энергиясын тұтыну 64,790 млрд кВтсағ деңгейіне жетті.

«Электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі тиісті шараларды қабылдады. Оңтүстік өңірде қуаты 330 МВт «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 энергоблогы пайдалануға берілді. Сонымен қатар тапшылық кезінде майнинг фермаларына шектеу тетігі енгізілді», - деді вице-министр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.