Электр энергетикасы саласындағы активтерді жаңарту керек - Жандос Нұрмағанбетов
Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы ескірген активтерді жаңарту керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларының қолда бар қуаты 19,1 ГВт, ал 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде электр қуаты 15,4 ГВт құрады.
Таратылған мәліметке қарағанда, 2022 жылдың 7 айында электр энергиясын өндіру 64,993 млрд кВтсағ болса, аталған кезеңде электр энергиясын тұтыну 64,790 млрд кВтсағ деңгейіне жетті.