Елімізде көмірді онлайн сату жоспарлануда

255
Қазақстан үкіметі көмірді халыққа маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы сату жолдарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда еліміздегі ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосқан. Премьер-Министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар кеңесте сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданғаны туралы айтылды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.