Жылдық инфляция 16,1%-ке жетті

530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҚазақстанда тамыз айында жылдық инфляция 15%-тен 16,1%-ке дейін жеделдеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Жылдық мәнде инфляция 16,1%-ке жетті. Инфляцияға ең жоғары үлесті азық-түлік бағасының өсуі қосты. Азық-түліктің жылдық инфляциясы 20,8%-ке дейін жеделдеді", - деді ол үкімет отырысында.


Импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен азық-түлікке жатпайтын инфляция да 15,5%-ке дейін үдеген. Ақылы қызметтер инфляциясы 10,1%-ке жетті. Монополист-кәсіпорындар көрсететін қызметтердің тарифі 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тарифтерді көтеруге қойылған мароторийдің аяқталуына байланысты барлық өңірде дерлік өзгерді, деп жалғастырды Баймағамбетов.


"Осы жылдың қорытындысы бойынша жаңартылған болжамдарға сәйкес инфляция 16-18% деңгейінде болуы мүмкін. Бұл біздің алдыңғы болжамдарымыздан жоғары", - деді ол.


2023 жылы инфляция базалық сценарий кезінде 7,5-9,5%, 2024 жылы 5,5-7,5% деңгейінде болжанып отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.