Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық телефон қолдануына тыйым салынды

268

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт шектеулері белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған.

Құжатта мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы - 25-30 минут деп көрсетілген.

“Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы керек. Аталған бұйрықтың 21-тармағына қосымша "объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жай сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады", -  деп көрсетілген құжатта.


Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:

- мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды;
- 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды;
- 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
- 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
- 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.