Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары онлайн оқу форматына ауыстырылды

483

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгіннен бастап ауа-райының күрт сууына байланысты елдегі бірнеше өңірдегі мектептер қашықтан білім беруге көшті, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қарағандыда аяздың қатты болуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үйден оқитын болады. Дәл осындай жағдай Қостанай облысындағы Амангелді және Жангелді аудандарындағы мектептерге енгізілген.

Сондай-ақ, Арқалық қаласындағы бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқытуға көшірілді. Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар елдімекендердегі мектептер де ауа-райының күрт сууына байланысты уақытша онлайн форматқа ауыстырылды.


Тек Аягөз, Ақсуат, Көкпекті, Үржар аудандарында сабақ қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.