ІІМ мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде қалай әрекет етуге керектігін үйретпек

363

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comІшкі істер министрлігі мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуге үйретеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.


Ол төтенше және апатты жағдайларда мұғалімдер мен оқушылардың әрекет ету алгоритмін енгізу жұмысын жеделдету қажет екенін айтты. 


"Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп қызметкерлері мен оқушылар үшін тұрақты арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Соның барысында оларға теракт, шабуыл, өрт, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі үйретіледі", – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.


Сонымен қатар, айтуынша, мектептердің қорғанысын күшейтумен қатар осындай талаптарды балабақша, колледж, жоғары оқу орындарында да жүзеге асыру керек.

 
Министр қысқа мерзімде мектептердің антитеррорлық қорғауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту қажет екенін мәлімдеді. 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.