Цифрлық технология оқушылардың білімге құштарлығын арттырады

2 669

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЦифрлық технологиялар оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімін жақсартуға көмектеседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматыда өткен семинарда білікті педагогтар оқыту жүйесіндегі әдістемелер жөнінде пікір алмасты. Ұстаздар Президент Жолдауында айтылған «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асырудағы тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, қаладағы мектептердің бірінде жасанды зердені қолдану нәтижесінде оқушылардың биология мен тарих пәндеріне қызығушылықтары артқан. Мұғалім сабақты түсіндіру кезінде қарапайым көрнекі құралдардың орнына үш өлшемді моделдеуді пайдаланған. Нәтижесінде балалар сабақты зейін қойып тыңдайтын болған. 

Анар Белбеуова, №22 гимназия-мектебінің директоры: - Біздің жас мамандар «Оқу-әдістемесінде жасанды зердені қолдану» курсына қатысып, білімдерін жетілдірді. Бұл дәрістің пайдасы көп. Соның арқасында сабақ сапалы өтіп, оқушылардың зейіні ашылады.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.