"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады

2 557

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Арал ауданында - төрт, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – екі жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында бір мектептен, Қызылорда қаласында – сегіз заманауи мектеп бой көтереді.


Биыл жоспарланған 10 мектептің тоғызының құрылысы басталды, оның бесеуі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы алты апатты мектептің төртеунің мәселесі осы "Жайлы мектеп" жобасы аясында шешімін табады.


Сондайақ, екі мектеп "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" және жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Қалған 11 мектеп 2024 жылы салынатын болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.