Сапасыз оқу орындары анықталды

2 718

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда қауіптілігі жоғары 2,7 мың білім беру мекемесі тексерілмек. Оның құрамына 1,5 мың балабақша, 1,1 мың мектеп және 97 колледж кіреді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім министрлігі бұл тізімді жасау үшін алғаш рет қауіпті нысандарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылғанын мәлімдеді. Бағдарламада мұғалімдердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық базасы, мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік жұмыс ережелері және басқа да критерийлер талданады.


Енді министрлік қызметкерлері бұл мекемелердің жұмысын тексеретін болады. Шенеуніктер бұл ұйымдардың барлығын 2024 жылы қатаң тексермек. Сенімсіз білім беру нысандарының тізімі 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін Білім министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның сайттарында жарияланатын болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.