Елімізде «Жазғы мектеп» басталады

2 572

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Егемен қазақстан27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыу.


«Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.


Айта кету керек, «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.