ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды

433

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: КазинформҚазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды.

Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. 

Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады.
15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесіне бірнеше өзгеріс енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі, ҰБТ-ның электронды форматқа ауыстырылуы бар.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.