Аймағамбетовтің орынбасары колледжде кімдердің тегін оқуға мүмкіндігі барын айтты

412

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға бағытталған жұмыс туралы баяндады.
Айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-і және 11-сынып бітіргендердің 50%-тен астамы ақылы оқуға түседі. 
"Біз жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды кеңейтуіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіледі, 300 мыңға жуық адам алғашқы жұмысшы мамандығына тегін оқыды.
 Біз аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуға кезең-кезеңмен көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға дейін ұлғайту көзделуде", - деді Асылова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.