Әр екінші қатысушы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды

2 565

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gov.kzӨткен оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан оқушылары 12 халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстанның ұлттық құрамасының қоржыны 118 алтын, 201 күміс және 284 қола медальмен толықты.


«12 ірі халықаралық жарыстарға қатысқан 1218 қазақстандық оқушының 603-і медаль иегері атанды. Яғни, біздің елден шыққан әр екінші қатысушы жүлделі орынға ие болды. Олардың ішінде біздің оқушылар ең беделді әлемдік олимпиадаларда 243 медаль жеңіп алды», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Каныбек Жұмашев.


Өткен оқу жылының ерекше жетістігі Қазақстан оқушыларының FIRST CHAMPIONSHIP робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жеткен жетістіктері болды. Ұлттық құрамалар Сингапур, АҚШ, Кипр және Қытайда жоғары марапаттарға ие болды. АҚШ-та өткен Regeneron ISEF-2024 байқауының қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.