"Қазақстан халқына" қоры 850 білім грантын бөлді

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: canva.com"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.


Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:

- ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан;

- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

- мүгедектігі бар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.