Оқушылар енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

1 131

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.comТеміртауда 5 қыркүйектен бастап 7 мен 18 жас аралығындағы балалар қоғамдық көлікте тегін жүре бастайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызметті пайдалану үшін ONAY Children картасын қолдану керек екені хабарланды.

"Қазіргі уақытта тиісті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және жүйенің қажетті баптау жұмыстары аяқталуда. Әзірге біраз уақыт бар, ата-аналардан балалардағы көлік карталарының жұмысын тексеруді және қажет болған жағдайда карталарды қайта рәсімдеуді сұраймыз", - деді компания. 

Жеңілдікті қолдану үшін балалар әрбір сапарды тіркеуі керек. Ол үшін карта валидаторға қолданылады.

Егер карта болмаса немесе картадағы ең төменгі сома жеткіліксіз болса, баланың жол ақысы толық төленеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.