Мұғалімдердің алған сертификаты жүйеден табылмаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбеде мұғалімдердің алған сертификаты жүйеден табылмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымовтың мәліметінше, сегіз айда білім саласы ұйымдарына қатысты 66 іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 11 млн теңгеден аса айыппұл салынған.
Ведомство басшысының айтуынша, осы уақыт ішінде 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 7 мектеп директоры, 11 есепші бар.
Осыған дейін қоғамның қызу талқысына түскен ұстаздар қолындағы жалған сертификат дауы өңірде әлі басылған жоқ. Бюджет қаржысын қайтаруға асықпай отырғандар бар. Нәтижесінде облыстың бас ұстазына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Қаз
Рус






