Қазақстанда тағы екі жайлы мектеп ашылды

2 709

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Оқу-ағарту министрлігіМемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы мен Жамбыл облысында 2000 және 1200 оқушыға арналған заманауи екі мектеп ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл мектептер озық техникамен жабдықталған оқу кабинеттерінен бастап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді ортаға дейін жоғары заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, бірнеше асхана, кең спорт залдары, акт залдары, кітапханалар, лингафон және компьютерлік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар мен коворкинг-орталықтар қарастырылған. Білім алушыларға робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар және оқытуға арналған басқа да инновациялық кеңістіктер қолжетімді. Балалардың қауіпсіздігі бейнебақылау камералары, турникеттер және дабыл түймелері арқылы қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, бұл Астанада салынған 10-шы жайлы мектеп, ал Жамбыл облысында — үшінші мектеп. Жыл басынан бері Қазақстанда 91 мың орындық 35 жайлы мектеп пайдалануға берілді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.